Жетісуда шенеуніктер фермерлерге арналған дизель отынын заңсыз сатқан

Динара Амантай

Әкімдіктің кінәлі қызметкерлері жауапқа тартылды

Фото: opennews.kz

Жетісу облысында шенеуніктер фермерлерге арналған дизель отынын заңсыз сатқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдықорған қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің құны 4,5 млн теңге болатын фермерлерге арналған арзандатылған дизель отынын заңсыз сату фактілерін анықтады, – делінген пркуратура хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы жерлері жоқ адамдарға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 22 тоннадан астам отын өткізілген.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша әкімдіктің кінәлі қызметкерлері жауапқа тартылды.