Білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Халық үні

Тізім 5 тамызда сағат 12:00-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады

Фото: Tengrinews.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысын жариялайтын күнді атады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

«Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы ертең, 5 тамызда сағат 12:00-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл еліміз бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау 13 шілдеде басталды. Жоғары оқу орындарына  құжат тапсыру 25 тамызға дейін жалғасады.