×

Қайрат Боранбаевтың қайда екені белгілі болды

Сот қаулысымен сотталушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды

 Халық үні 04.08.2023 | 22:40
Фото: kaztag.kz

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қайда екенін мәлімдеді, деп хабарлады tengrinews.kz.

Еске салсақ, Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 29 маусымдағы қаулысы бойынша, Қайрат Боранбаевқа және сыбайластарына қатысты Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты шығарған үкімнің күші жойылды.

Бұған Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжаттың түпнұсқасының болмауы себеп болған.  Бағадағы айырма газ бағасын көтеру түріндегі қылмыс ретінде қарастырылған. Сот хаттамасында алаяқтық схемасын дәлелдейтін дәлелдер жоқ делінген.

Сонымен бірге сот қаулысымен сотталушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.

«Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді. Оған шағым жасауға және наразылық келтіруге болмайды. Қазіргі уақытта Қ.Боранбаев Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64 мекемесінде (СИЗО) қамауда отыр», – деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарау күні әлі белгіленбеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама