×

Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Соңғы екі күнде тараптардың пікірталасы өтті

 Халық үні 03.08.2023 | 22:36
фото: ашық дереккөзден

Бүгін прокурор Павлодар облысы полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Nur.kz сайтының жазуынша, Мәсімов, оның бұрынғы орынбасары және павлодарлық кәсіпкерге қатысты сот процесі бірнеше айға созылды. Соңғы екі күнде тараптардың пікірталасы өтті.

Ал бүгін прокурор Павлодар облысы полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, соттан Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті қылмыстық кодекстің 366, 189 және 392-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұраймын. Оның Алакөл ауданындағы екі қабатты саяжайы мен монша тәркіленіп, Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің біріндегі сауна мен демалыс бөлмесінің жертөлесін жөндеу үшін пара ретінде алған 16 млн теңгені қайтаруы керек, - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының прокуроры.

Сондай-ақ прокурор сотталушыны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыруды және «Айбын» екінші дәрежелі орденімен бірге полиция генерал-майоры атағын қайтаруды сұрады.

Прокурордың айтуынша, Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов мүлкі тәркіленбей, 11 жылға бас бостандығынан айырылуы керек. Сонымен қатар прокурор павлодарлық кәсіпкер Евгений Евковичті 5 жылға түрмеге жіберуді және екі шетелдік көлігін тәркілеуді ұсынды.

Сондай-ақ прокурор сотталушылар мемлекетке 421 млн теңгеден астам шығын өтеуі тиіс екенін де атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама