Қазір оның туыстары Алания мемлекеттік емханасында
Түрік дәрігерлерінің ақпаратына қарағанда, кеше түнде тағы бір Қазақстан азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды.
Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі, – делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Бұған дейін қайтыс болған отандасымыздың денесі Қазақстанға жеткізілді.
Еске сала кетсек, 30 шілдеде Түркияның курорттық аймағында 12 Қазақстан азаматы мінген шағын автобус жол апатына түсіп, соның кесірінен бір отандасымыздың ауруханада қайтыс болған.