Алматыдағы өрт: 16-қабаттағы балаларды Түркия азаматы құтқарып қалған (ВИДЕО)
Кейін өрттен зардап шеккендердің саны анықталды
Түркия азаматы Шүкүр Гюнай кеше Алматыдағы Ақкент шағын ауданында болған өрт туралы айтып берді. Ол 16-қабатта қалған балаларды құтқарған. Бұл туралы massaget.kz хабарлады.
Кранның жетпейтінін білдім. Сол жерден баспалдақты алдық. Баспалдақ қауіпті болды. Дос балалар көмектесті, рақмет. 16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден арқанмен түсірдім. Кішкентай балалар болған соң қорықпадым, - дейді ол.
Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалған.
Еске сала кетсек, кеше тұрғын үйден өрт шыққан болатын. Кейін одан зардап шеккендердің саны анықталды.
01.08.2023 жылы сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданының Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді, оның 16-сы – бала. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланатын болады, - деп мәлімдеді Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы.