×

Пәкістандағы жарылысты Ауғанстандағы содырлар жасаған

Экстремистік ұйым бұл туралы мәлімдемені өзінің веб-сайтында жариялады

 Еркеғали Болатұлы 01.08.2023 | 16:35
фото: ашық дереккөз

«Даиш» содырлар тобының ауғанстандық бөлімшесі Пәкістанда 88 адамның өмірін қиған жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Экстремистік ұйым бұл туралы мәлімдемені өзінің веб-сайтында жариялады. Олар пәкістандық тәліптерді исламға қарсы демократиялық формаға көшті деп айыптаған.

Еске сала кетсек, өткен жексенбіде тәліптерге жақтас исламшыл партия Ауғанстанмен шекаралас Баджур қаласында сайлауалды митинг өткізген еді. Сол акция кезінде бомба жарылып, 88 адам қаза тауып, 200-ге жуығы жараланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама