Twitter ақылы болуы мүмкін

Халық үні

Жақында Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алған еді

фото: ашық дереккөзден

Twitter кейбір пайдаланушылар үшін ақылы болуы мүмкін.

Twitter-ді қарапайым азаматтар әрдайым тегін пайдаланады. Бірақ коммерциялық немесе үкіметтік пайдаланушылар аз мөлшерде төлем жасауы мүмкін, - деп жазды Tesla-ның негізін қалаушы, Америка Құрама Штаттарының кәсіпкері Илон Маск.

Ол жақында Twitter әлеуметтік желісін 44 миллиард долларға сатып алған болатын.