Дамир Ысмағұлов UFC-мен келісімшартын аяқтады

Дастан Жұмабекұлы

Ол жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингтен ресми түрде шығып кетті

Фото: ашық дереккөз

UFC файтері Дамир Ысмағұлов ұйыммен келісімшартын аяқтап, жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингтен ресми түрде шығып кетті.

Шілде айында Ысмағұлов UFC турнирінде Грант Доусонмен жекпе-жекке шығып, төрешілер шешіммен жеңіліп қалған соң, промоушендер тізімінен шығарылды.

Бұған дейін ол рейтингте 14-орында болса, енді оның орнына Мэтт Фревола шықты. 15-орынға рейтингке жаңа қосылған Диего Феррейра орналасты.

UFC жеңіл салмақтағы үздік үштікке Чарльз Оливейра, Дастин Порье мен Джастин Гэтжи кіреді. Чемпиондық белбеу Ислам Махачевта.