×

Әлемдік тәжірибеде 11 жыл керек: Қазақстанда қандай АЭС салынады?

Қазақстанда салынатын АЭС-ке қанша қаражат жұмсалуы мүмкін

 Бауыржан Мұқанов 26.07.2023 | 12:01
фото: ашық дереккөз

Елімізде атом электр станциясының қуаты мен құрылыс ауданын анықтау бойынша зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қуаты 2800 МВт дейін жететін станция құрылысына Алматы облысының Жамбыл ауданы ең қолайлы жер деп ұсынылған.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, оған ядролық технологияларды жеткізуші мынадай компаниялардың «шорт-тізімі» жасалған:

  • қытайлық CNNC компаниясы HPR-1000 реакторы;
  • кореялық KHNP APR-1400 реакторы;
  • ресейлік Росатом ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторы;
  • франциялық EDF EPR-1200 реакторы.

Қазір министрлік салалық ұйымдармен бірлесіп осы жеткізушілермен АЭС жобасын іске асыру бойынша терең келіссөз жүргізіп жатыр.

АЭС құрылысының құны жобаны іске асыру моделі, қаржыландыру және инвестицияларды қайтару шарттары, реактор технологиясы, станция қуаты, станцияның орналасқан жері сияқты көптеген факторға байланысты. АЭС салудың әлемдік тәжірибесіне сәйкес үлкен қуатты екі блокты АЭС құрылысы шешім қабылданған сәттен бастап шамамен 10-11 жыл ішінде іске асырылады. Сонымен қатар әлемде салынған үлкен қуатты екіблокты АЭС құны шамамен 10-12 млрд долларға шыққан.  

Сондықтан елімізде АЭС салу мерзімі мен жобаның нақты құны ядролық технологияны таңдап, жобалық құжаттаманы әзірленгеннен кейін анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама