×

Француз тілінде Рахмоновқа арналған рэп шықты (ВИДЕО)

Әннің аты Shavkat деп аталады. Оны 10 сағатта 417 мың адам қарап үлгеріпті

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2023 | 13:52
Фото: ашық дереккөз

Франциялық рэпер Freeze Corleone белгілі файтер, жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа арнап рэп стиліндегі ән шығарды.

Бұл туралы Ресейдің Sports.ru сайты хабарлады.

Ән Mangemort Squad деген YouTube желісін пайдаланушының аккаунтында жарияланды. Әннің аты Shavkat деп аталады. Оны 10 сағатта 417 мың адам қарап үлгеріпті.

Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында, Кевин Гастелумға қарсы өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама