×

Telegram-да да stories пайда болды

Тамыз айынан бастап бұл мүмкіндік барлығына қолжетімді болады

 Еркеғали Болатұлы 24.07.2023 | 11:23
фото: ашық дереккөз

Telegram мессенджерінде жаңа мүмкіндік – stories іске қосылды. Ол экранның жоғарғы жағында орналасқан және тек премиум жазылымының иелеріне ғана қолжетімді.

Тамыз айынан бастап бұл мүмкіндік барлығына қолжетімді болады. Әзірше адамдар басқа аккаунтқа жазылмаса да, олардың Stories-ін көре алады.

Stories жариялау үшін қолданбаның жоғарғы жолағында – «Хабар жазу» түймесінің жанындағы белгішені басу керек. Ол барлық пайдаланушыға, барлық контактіге немесе алдын ала таңдалған контактіге, «жақын достарға» қолжетімді болуы мүмкін.

Фото мен видеоны өңдеп, әсемдеп, оның қолжетімді болу ұзақтығын 6, 12, 24 немесе 48 сағат деп белгілеп, жариялауға болады.

Фото, видеоларды, соның ішінде алдыңғы және артқы камераларда бір уақытта түсірілгендерді жариялауға, фотосуретке мәтін жазуға, басқа пайдаланушыларды белгілеуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама