Төтенше жағдай мекемелерінің шенеуніктеріне қатысты сот шешімі шықты

Дастан Жұмабекұлы

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Фото: ашық дереккөз

21 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Астана қаласының ауданаралық тергеу соты ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасын, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарын күзетпен ұстау туралы шешім шығарды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің басқа да жемқорлық құқықбұзушылықтарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.