×

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен алғаш рет жалпы есепте топ жарды

 Халық үні 23.07.2023 | 23:50
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасында XIX Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясы.

Оған 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Ел намысын 19 спортшы қорғады.

Жарыстың соңғы күні командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды.

Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен, чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен алғаш рет жалпы есепте топ жарды. Жапония каратэшілері (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) екінші орында, ал үздік үштікті Иран (3 алтын, 2 күміс, 7 қола) құрамасы түйіндеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама