×

«Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды 4 адам зорлаған»: полиция мәлімдеме жасады

Полиция 5 жасар қыздың өліміне қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге кеңес береді

 Халық үні 22.07.2023 | 19:20
фото: zakon.kz

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды 4 адам зорлағаны жайында тараған ақпарат жалған, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Түркістан облысының полиция департаменті Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөзге ғана сүйенуге кеңес береді. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан тергеу нәтижесімен аталған қылмыстық әрекетті тек бір күдіктінің жасағаны дәлелденіп, ол қамауға алынған. Өзге адамдардың қатысы болуы мүмкін деген деректер мен дәлелдер жоқ, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция жалған ақпарат таратушыларға ҚР ҚК 274-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті. 

Бұған дейін, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз бала кісі қолынан қайтыс болғаны белгілі болды. Кейін Жібек жолы ауылында болған қылмысқа қатысты күдікті ұсталды. Пышақ жарақаттарынан жан тапсырған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілдеде жерленді. ҚР Президенті Бас прокуратура мен ІІМ-не болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Күдіктіге қатысты ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама