Halyq Uni логотип
×

Болат Назарбаевтың ұлы Антикордағы қызметінен босатылды

Ол 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды

 Халық үні 03.05.2022 | 09:10
Болат Назарбаевтың ұлы Антикордағы қызметінен босатылды
скриншот: видео

Былтыр жыл соңында Болат Назарбаевтың ұлының қалай ұсталғаны есіңізде ме? Жүргізуші 1995 жылы туған Ербол Назарбаев екені хабарланды. Көлік те Ербол Назарбаевқа тиесілі.

Ербол Назарбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі үшінші департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалғанын жазған болатын.

26 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Ербол Болатұлы Назарбаев видеодағы әрекеті үшін агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды. 

2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды.

Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті төрағасының орынбасары қызметіне 2020 жылдың қараша айында тағайындалған. 

Жақында әлеуметтік желіде Алматы облысы бойынша полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Нұрбол Назарбаевқа үш адамды өлтірді деген айып тағылғаны жазылды.

«Қазіргі таңда Нұрбол Назарбаев жасырынып жүр. Қаскелеңдегі атыс бойынша түрмеде отырған «Копчик» лақап атымен танымал Бауыржан Көпжасаров және басқалары оған қарсы куәлік етуде», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама