×

ІІМ Болат Назарбаевтың ұлына қатысты ақпаратқа пікір білдірді

18 сәуірде әлеуметтік желіде Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа қатысты ақпарат тарады

 Халық үні 19.04.2022 | 14:59
фото: online.zakon.kz

Дереккөздің хабарлауынша, Алматы облысы бойынша полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Нұрбол Назарбаевқа үш адамды өлтірді деген айып тағылған.

«Қазіргі таңда Нұрбол Назарбаев жасырынып жүр. Қаскелеңдегі атыс бойынша түрмеде отырған «Копчик» лақап атымен танымал Бауыржан Көпжасаров және басқалары оған қарсы куәлік етуде», - делінген ақпаратта.

Осы ақпараттың анық-қанығын анықтау мақсатында Halyq Uni тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласты. Министрлік өкілдері ведомствода жоғарыда айтылған қылмыстық істің тіркелмегенін айтты.

ІІМ баспасөз хатшысы Әйгерім Оразәлиева бұл ақпарат тексеріліп жатқанын, кейінірек ақпарат беретінін жеткізді. Бірақ, ведомствоның реcми өкілі одан кейін телефон тұтқасын көтерген жоқ, тілшіміздің мессенджерде жазған сауалына жауап қатпады.

Нұрбол Назарбаев – Қазақстанның тұрғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаевтың ұлы. Ол әр жылдары Алматы облысының прокуратурасы мен ішкі істер департаментінде түрлі қызмет атқарған. 2014-2017 жылдары Алматы облысы бойынша ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болған. 2017 жылдан бастап Prime Capital Holding инвестициялық қоры бақылау кеңесінің төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама