×

Астанада жарыс кезінде ер адам қайтыс болды

40 жастағы қатысушы трассадан шығып кеткен

 Динара Амантай 15.07.2023 | 18:00
Фото: catherineasquithgallery.com

Астанада өтіп жатқан Tour of Uly Dala веложарысы кезінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Kazakhstan Cycling Federation мәліметінше, Астанада өтіп жатқан Tour of Uly Dala жарысы барысында веложарысқа қатысушылардың бірі трассадан шығып кетіп, қаза болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдамаған. Кезекші жедел жәрдем бригадасымен дереу көмек көрсетілгенімен, өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады, - делінген хабарламада.

Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Жарысты аяқтау туралы шешім қабылданып, жексенбіге жоспарланған кезең де тоқтатылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама