×

Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице-министрі болды

Ол жыл басынан бері Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарған

 Дастан Жұмабекұлы 10.07.2023 | 15:05
Фото: primeminister.kz

Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бұған дейін ведомство басшысының орынбасары болған Нұрғиса Дәуешовке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастаған.

2009-2013 жылдары – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы;

2013-2018 жылдары – Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері;

2017-2018 жылдары – Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері;

2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды.

2023 жылдан бастап Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама