×

280 келі есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 10.07.2023 | 14:35
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында аса кірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Шу ауданы Белбасар ауылының маңында полиция 280 келі есірткі сақтаған деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Арнайы операцияны облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізді. Іздестіру іс-шарасы нәтижесінде күдікті ұсталған «Сарғау» учаскесінде жалпы салмағы 237 келі 234 грамм есірткі, қарасора бұталары табылып, тәркіленді.

Ер адамның тұрғылықты жерінен 12 келі 640 грамм марихуана (полипропилен қапшығына салынған) және  жалпы салмағы 24 келі 586 грамм гашиш есірткісі табылды.

Күдікті кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде осы дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы  3-бөлігі («Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу және заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сотта күдіктінің айыбы дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама