Маңғыстауда заңсыз салынбақ болған радиоактивті қалдықтар полигоны тоқтатылды

Қымбат Елтайқызы

Аудан әкімінің қаулысына прокуратура араласты

көрнекі фото: yandex

2021 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің қаулысымен «West Dala» ЖШС-ға ауданның Қосалқы жер қорынан өндірістік қалдықтарды қабылдау, уақытша сақтау, көму, өңдеу кешенін салу үшін жер учаскесі берілген.           

Былтыр маусымда Қарақия ауданы әкімінің қаулысымен аталған жер учаскесінің нысаналы мақсаты «Радиоактивті қалдықтармен жұмыстарды жүзеге асыруға арналған арнайы кешен салу» деп өзгертілген.

Алайда, мұндай шешім қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР үкiметiмен қабылданады, яғни аудан әкімдігінің қаулысы заңсыз және Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасының наразылығы бойынша күшін жойған.