Астанада бірқатар автобустың бағыты өзгерді

Дәурен Ерболат

Қалада жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: Sputnik

Елордада кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгерді, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.

Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №12, 17, 21, 26, 36, 46, 50, 53, 54 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.