×

Талдықорғанда мектеп оқушысына күш көрсеткен мұғалім қызметінен кетті

Педагог арызында ақпан айынан бері денсаулығы нашарлап жүргенін жазған

 Думан Қырықбаев 28.04.2022 | 16:06
скриншот: видео

Талдықорған қаласында оқушы қызды балағаттап, оған күш көрсеткен педагогке қатысты видео тарады. Бұл оқиға 11 сәуірде шаһардағы №6-шы білім ордасында болған.

Видеодан ағылшын пәні мұғалімінің 8-сынып оқушысына былапыт сөздер айтып, қол көтеріп жатқанын байқауға болады. Сондай-ақ оқушы қыз да ұстазына сөз қайтарып, ол да бейәдеп сөздер қолданған.

Алматы облысы білім басқармасындағылар осы оқиғадан кейін мұғалімнің өз еркімен қызметінен босатылғанын хабарлады.

«Ұстаз бен оқушы арасында болған жағдайдан кейін әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы шақырылды. Кеңес барысында екі тарап татуласып, бір-біріне ешқандай кінә артпайтынын айтқан. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатылды. Ол арызында ақпан айынан бері денсаулығы нашарлап жүргенін жазған», - дейді басқармасындағылар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама