×

Ақмола облысында ауыл тұрғындарын 17 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 05.07.2023 | 14:36
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының тұрғындарын 17 млн теңгеге сан соқтырған азаматқа қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Біржан Сал ауданының полиция бөліміне осы оқиғаға қатысты алғашқы арыз өткен жылдың желтоқсанында түскен. Арыз берушінің айтуынша, бейтаныс адам мал сатып алу бойынша келісімшарттарды орындамаған. Мән-жайларды анықтау барысында 2022 жылдың қазанында Астана қаласының тұрғынының шарт бойынша малды сатуға алғаны, ал ақша мал сатылғаннан кейін қайтарылуға тиіс болғандығы анықталды. Алайда, жәбірленуші уәде етілген ақшаны ала алмаған.

Кейін полиция бөліміне Анғал батыр және Жаңалық ауылдарының 11 тұрғыны осындай арызбен жүгінді. Олардың барлығының оқиғасы бірдей болып шықты. Залалдың жалпы сомасы 17,3 млн теңгеден асады.

Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 58 жастағы ер адамды анықтап, оның осы қылмысқа қатысын тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама