×

FlyArystan Астана мен Ташкент арасында әуе рейсін ашты

Airbus A320 ұшағы аптасына екі рет – дүйсенбі және сәрсенбі күндері ұшады

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2023 | 16:55
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы Ташкент пен Астана қаласы арасында рейс ашты.

Кеше Ташкент әуежайына алғашқы рейспен 180 жолаушы барды.

«Астана – Ташкент – Астана» бағыты бойынша рейстер Airbus A320 ұшағымен аптасына екі рет – дүйсенбі және сәрсенбі күндері жасалады. Сондай-ақ әуе компаниясы жақын арада ұшу картасын Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын жаңа бағыттармен толықтыруды жоспарлап отыр.

FlyArystan – штаб-пәтері Алматыда орналасқан қазақстандық лоукостер. Компания «Эйр Астана» компаниясының негізінде құрылған. Лоукостер 2019 жылдың мамыр айынан бастап жолаушылар тасымалымен айналысады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама