×

Желіде Төреғали Төреәлінің көлік жүргізіп бара жатқаны туралы ақпарат тарады

Әнші Төреғали Төреәлі әкімшілік жазасын өтеп жатыр

 Халық үні 04.07.2023 | 06:50
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлі әкімшілік жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде көлік айдау құқығынан 7 жылға айрылған Төреғали Төрәлінің машина жүргізіп бара жатқаны туралы ақпарат тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Әнші әкімшілік жазасын өтеп жатыр, оның көлік жүргізіп жүргені туралы ақпарат жалған», - деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік. бұған дейін 23 тәулікке қамалған Төреғали Төреәліні қамау тағы 15 күнге созылғаны туралы сот қаулысы шыққаны хабарланды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама