АМӨЗ бен МАЭК-тегі апатқа кінәлілер жауапқа тартылады - Ақорда

Халық үні

Президент апаттардың себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы апаттардан кейін туындаған жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отыр, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент апаттардың себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Үкіметке аталған кәсіпорындарды қысқа мерзімде жұмыс жағдайына келтіру туралы тапсырма берілді.

Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша, 21:30-дағы жағдай бойынша Атырау облысында электр энергиясын беру толық қалпына келтірілді.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау атом электр комбинаты №1 энергия блогының жұмысы тоқтатылғаны хабарланды.