Маңғыстау атом электр комбинаты №1 энергия блогының жұмысы тоқтатылды

Халық үні

Бұған ТЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуі себеп болған

Фото: maek.kz

Бүгін, 3 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 17.31-де Маңғыстау атом электр комбинаты №1 энергия блогының жұмысы тоқтатылды.

Бұған ТЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуі себеп болған.

«Маңғыстау облысының тұтынушылары үшін тоққа еш шектеу жоқ. №1 энергия блогы салқындаған соң 5 шілдеде сағат 00:00-ден кейін жөндеу басталады. Салқындату бір тәуліктен астам уақыт жүргізіледі. Осыған байланысты №1 энергия блогында 6 шілдеде сағат 00:00-ге дейін шұғыл жөндеу жүргізуге өтінім берілді», -делінген  МАЭК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтағаны хабарланды.