×

Ironman Kazakhstan жарысына мыңнан аса адам қатысты

Астанаға 60 елдің триатлоншылары арнайы келді

 Дастан Жұмабекұлы 03.07.2023 | 10:50
фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Астанада триатлоннан Ironman Kazakhstan жарысы өтті.

Биыл бұл жарыс осымен төртінші рет жалауын желбіретті. Оған 60 елден келген мыңнан аса спортшы қатысты.

Жарыста спортшылар 3,86 шақырымға жүзуде, 180,25 шақырым веложарыста, 42,195 шақырым марафонда сынға түсті. Сонымен бірге Ironman 70,3 екі есе қысқа қашықтық бойынша жарысқа қатысты. Толық қашықтықта алғашқы 50 орынды иеленген спортшылар Францияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Ал Ironman 70,3 қорытындысы бойынша үздік 30 адам Финляндияда өткен әлем біріншілігіне баратын болып шешілді.

Былтыр Ironman Kazakhstan жарысына 5 мың адам қатысқан. Жылдан жылға жарысқа қатысушылар саны көбейіп жатқанына қарағанда, алдағы уақытта триатлоншылардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама