Түнде атыраулықтар аспандағы ерекше құбылыстың куәсі болды (ВИДЕО)

Халық үні

Бұл көрініс алда аптап ыстықтың келе жатқанын білдіретін көрінеді

фото: Wikipedia

2 шілдеге қараған түні Атырауда ұзақ уақыт найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Табиғи ерекше құбылыстың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azh.kz. 

Видеодағы көріністе найзағай алдымен түрлі-түсті траекторияда жарқылдап, тіпті бір тұста жан-жақты самаладай жарық етіп жібереді.

Табиғатты болжай білген дала қазағының пайымынша, бұл көрініс алда аптап ыстықтың келе жатқанын білдіретін көрінеді.