Ақтауда қайғылы жағдай болды

Халық үні

Жедел тергеу тобы шақыруға барды

фото: ашық дереккөзден

Ақтауда 8-шағынаудандағы көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 48 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2 шілде сағат 13:00 шамасында 102 кезекші пультіне әйелдің 8-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінің 9-қабатынан секіргені туралы шақыру түскен.

«Жедел тергеу тобы шақыруға барды. Оқиға орнынан тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді» делінген баспасөз мәліметінде.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.