Үздік оқушылар Астанада демалады

Дәурен Ерболат

Олар қаланың әсем жерлерін аралайды

Фото: Жанара Каримова

Павлодарлық үздік оқушылар елордада демалады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында 100 үздік оқушы Астанада демалуға мүмкіндік алды. Олар – әртүрлі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Балалар Астанадағы Назарбаев университетінің жанындағы «Айналайын» лагерінде демалады.

Мен елордаға алғаш рет бара жатырмын. Лагерь ұнайды деп үміттенемін. Елорданың ең әдемі жерлерін көреміз, – деді оқушы Айтолқын Итаева.

Лагерьге Екібастұз қаласы мен Ертіс, Май, Шарбақты, Успен және Аққулы ауданы мектептерінің оқушылары жіберілді.

Келесі ауысымда басқа аудандардың үздік оқушылары таңдалады. Лагерьде балалар түрлі іс-шараға қатысып, уақытын пайдалы өткізетін болады.