×

Гандболдан АЧ: Қазақстан алғашқы жеңісіне жетті

Жасөспірімдер құрамасы Кувейт командасын 33:4 есебімен ұтты

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2023 | 13:02
фото: ашық дереккөз

Гандболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайдың Сяньган қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті.

Бірінші ойында жасөспірімдер құрамасы Жапонияның гандболшыларымен кездесіп, олардан 29:43 есебімен жеңілген еді. Екінші матчта отандастарымыз Кувейтті 33:4 есебімен ұтты.

Матчта Аида Жапарова үздік ойыншы деп танылды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама