Ол бұл лауазымын ақпанда босатқан екен
Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы аталған қауымдастықтың басқарма төрайымы Айгүл Соловьева мәлімдеді.
Оның айтуынша, Елбасының кенже қызы бұл лауазымын 4 ақпанда босатқан.
Ал қаңтарда Назарбаеваның жұбайы Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» бас директоры қызметінен кеткен болатын.
ҚТЖ Әлия Назарбаеваға тиесілі компаниямен келісім-шартты үзгенін хабарлады. Әлия Назарбаеваның «Жасыл даму» компаниясына қатысы бар ма - ресми жауап.