×

ҚТЖ Әлия Назарбаеваға тиесілі компаниямен келісім-шартты үзгенін хабарлады

Келісім күші 2023 жылдың соңына дейін болуға тиіс еді

 Ербол Тұрымбет 06.02.2022 | 12:18
көрнекі фото: railways.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Instant Payments серіктестігімен электронды билеттерді сату туралы келісім-шартты мерзімінен бұрын үзгенін хабарлады.

ҚТЖ сайтында хабарланғандай, бұдан былай кассалар мен онлайн-сервистерде бұл қызметті компанияның өзі атқарады.

Ұлттық компания бұл қызметтерді дербес ұсынатын болады. Жол жүру құжаттарын ресімдеу сайтта әдеттегі режимде жүргізілетін болады Жол жүру қабаттарын рәсімдеу BILET.RAILWAYS.KZ кассаларда және онлайн сервистерде жүргізілетін болады. Бұл ретте сервиске қолжетімділік нарықтың барлық қатысушыларына ашықтық және айқындық қағидаттарында беріледі, - делінген ұлттық компанияның хабарламасында.

ҚТЖ компаниясы «Instant Payments» ЖШС-мен шартқа 2014 жылы қол қойған. Келісім күші 2023 жылдың соңына дейін болуға тиіс еді.

Instant Payments компаниясы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаевамен байланысты. Назарбаева – 2011 жылы құрылған серіктестіктің құрылтайшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама