×

Алматының бірқатар ауданы суық судан ажыратылады

Кейбір ТК-де су қысымының төмендеуі және су беруде үзілістер күтіледі

 Динара Амантай 29.06.2023 | 09:23
Фото: gov.kz

Сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты Алматының бірқатар аудандары суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Алматы Су» МКК-ның мәліметінше, 30 маусымда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Әл-Фараби – Қазыбаев-Ганди – Назарбаев көшелерінің шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға, «Жерұйық», «Нұрлы таң» тұрғын үй кешендеріне суық су беру тоқтатылады.

Жұмыс жүргізу кезеңінде Чайкин, Митин, Рубенштейн, Елибеков көшелері, Достық даңғылы 308, Самал-1, 2 шағын ауданы, «Достық резиденттері» ТК бойынша су қысымының төмендеуі және су беруде үзілістер күтіледі.

1 шілдеде сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Баймағамбетов көшесінің батысындағы Жас қанат шағын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлер суық судан уақытша ажыратылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама