×

Қазақстанның ең бай адамы «Формула-1» командасын сатып алды

2026 жылғы маусымнан бастап Hitech командасы Формула-1-ге қатысады

 Халық үні 26.06.2023 | 23:55
Фото: Mark Thompson/Getty Images

Қазақстандық кәсіпкер Владимир Ким құрамына алты жарыс командасы кіретін Hitech Global Holdings компаниясының акциясын сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазіргі уақытта F2, F3 және F4 жарыстарына қатысып жатқан сильверстоундық команда дүйсенбі күні өздерінің иесі Hitech Global Holdings Limited компаниясы 25 процент үлесін қазақстандық кәсіпкер Владимир Кимге сатқанын мәлімдеді.

Кимнің негізгі кәсібі тау-кен өндірісі, банк және авиация саласымен байланысты. Ол сондай-ақ Қазақмыс пен KAZ Minerals Group компанияларына басшылық ете отырып, әлемдегі мыс өндірушілердің ТОП-ондығына еніп отыр.

«Мен автоспортқа бұрыннан қызығатынмын және көп санат бойынша жеңіске жеткен әрі болашаққа деген жоспары мықты ұйыммен серіктес болғаныма қуаныштымын. Спортпен бұрыннан қалыптасқан байланысымыз бар. Бірақ бұл біздің автоспортқа құйған алғашқы ірі инвестициямыз. Оның динамикалық тұрғыда тартымдылығы, танымал спорт түрі болып келе жатқаны, бизнеске деген маркетинг мүмкіндіктері мен жанкүйерлерінің артып келе жатқаны менің жеке және коммерциялық амбицияларыма сай келеді», - деді В.Ким.

2026 жылғы маусымнан бастап Hitech командасы Формула-1-ге қатысады.

Forbes нұсқасы бойынша Ким Қазақстандағы ең бай адам. Оның мүлкі - 4,6 миллиард доллар және ол әлемдік рейтингіде 607-ші орында тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама