×

Рыбакина турнирге қатысудан бас тартты

Бүгін ол Қытай теннисшісі Ван Сиюмен ойнау керек еді

 Дастан Жұмабекұлы 26.06.2023 | 18:06
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританияның Истборн қаласында болатын турнирге қатыспау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) хабарлады.

«Ролан Гаррос» турнирі кезінде өзімді жайсыз сезініп, жарыстан шығып қалдым. Қонақ үйдің нөміріне барғанда дене қызуым одан сайын көтеріліп, басымды көтере алмай қалдым. Сенесіздер ме, бір апта ешқайда шықпай, қонақ үйде жаттым. Сосын өз-өзіме келгендей болып, Германиядағы турнирге қатыстым. Енді сырқат деген жаман ғой. Осы жетіде толық емделіп алуым керек. Келесі аптада Уимблдон турнирі басталады. Соған дейін толық жазылсам жақсы болады, – деді ол.

Бүгін Рыбакина турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі ретінде тіркелген қытайлық Ван Сиюмен ойнау керек еді. Қытай спортшысы рейтингте 75-орында тұр.

Енді Рыбакинаның орнына рейтингте 2-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчикова қатысады.

Айта кетсек, Истбурндағы турнир кеше басталған. Ол 1 шілдеге дейін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама