×

Алматы облысында өрт шықты

Тілсіз жау Іле-Балқаш табиғи резерватының 150 гектар жерін алып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 26.06.2023 | 15:35
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты. Тілсіз жау Іле-Балқаш табиғи резерватының 150 гектар жерін алып кеткен. Қазір өрт сөндірушілер өрттің аумағын 120 гектарға дейін азайтты.

Өртті сөндіруге 34 қызметкер, 3 техника, 1 қайық пен дрон жұмылдырылған.

Бүгін таңертеңнен бері тағы қосымша 13 адам, 2 техника және 2 мотопомпасы бар 1 қайық жіберілді. Сондай-ақ өртті «Іле-Балқаш» РММ-ның 25 қызметкері мен 10 техникасы, орман шаруашылығының 8 маманы мен 4 техникасы сөндіріп жатыр.

Қазір өрт шыққан жерде барлығы 80 адам бар.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама