Қазақстаннан торпақ, тоқты, ешкілерді сыртқа шығару шектелетін болды

Еркеғали Болатұлы

Бұл шектеуді қолданысқа Мемлекеттік кірістер комитеті енгізіп отыр

фото: ашық дереккөз

Қазақстанның аумағынан малдың кейбір түрлерін сыртқа шығаруға шектеу енгізілмек.

Нақты айтқанда, 30 маусымнан бастап ұсақ малды шығаруға 6 айға тыйым салынады. Бұл шектеуді қолданысқа Мемлекеттік кірістер комитеті енгізіп отыр.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 маусымнан бастап 60 мың торпақ, 120 мың бас еркек тоқты және ешкілерді ел аумағынан шығаруға болмайды.