Павлодарда суға батқан ер адам құтқарылды

Дастан Жұмабекұлы

Куәгерлердің айтуынша, ол жағажайда жалғыз өзі ішімдік ішкен

фото: ашық дереккөз

Павлодарда суға батқан ер адам құтқарылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кеше сағат 19:27-де бейнебақылау камерасына Усолка өзеніне батып бара жатқан ер адам түсіп қалған.

Құтқарушылар дереу сол жерге барып, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып алған. Оған дейін куәгерлер өз беттерінше құтқаруға тырысқан. Бірақ қолынан келмеген.

Ер адам судан сағат 19:28-де шығарылды. Яғни, 20 секундта судың астынан табылып, құтқарылды. Құтқарушылар оған бірден алғашқы көмек жасап, жедел жәрдем көлігіне тапсырды. Оны құтқаруға 5 құтқарушы мен 1 қайық тартылған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам жағажайда жалғыз өзі ішімдік ішкен.