×

Алматыда «Мергендер мекені» телевизиялық жобасының ашылуы өтті

Жеңімпазға Астана қаласынан пәтер сыйға беріледі

 Халық үні 24.06.2023 | 20:47
фото: Halyq Uni

Бүгін Алматыда «Мергендер мекені» телевизиялық жобасының салтанатты ашылуы өтті.

«Мергендер мекені» телевизиялық жобасы еліміздің әр өңіріне табан тіреп, кең байтақ даламыздың көрікті жерлерінде сұр мергендердің өнерін паш ететін жоба болып табылады. Жоба барысынада еліміздің мерген деген жаңа есімдер анықталатын болады. 

Жарыстың салтанатты ашылуына қатысқан ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов садақ ату спортының маңыздылығы мен жобаның мақсатын атап өтті.

«Садақ ату – біздің киіз үй, саятшылық, ою-өрнек секілді сакралды құндылықтарымыздың бірі.
Осы дәстүрді дамытып, ары қарай жалғау үшін бүгінде «Мергендер мекені» телевизиялық реалити жобасының өткізілуіне мұрындық болып отырмыз. Алдағы 40 күн ішінде әр аймақта мергендер арасында сайыс жүреді. Оны «Қазақстан» телеарнасының көрермендері күзде тамашалай алады. 

Бұл жобаға Ұлттық спорт Қауымдастығы  бас серіктес ретінде жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Телевизиялық реалити-шоу ұлттық спортты танымал етіп, ілгерілетуде тиімді құрал болады деген сенімдемін» деп айтты жобаның ашылу салтанатында Исламбек Төлеубайұлы.

Жоба барысында республиканың әр өңірінен қатысушылар дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсіп, мергендігін сынайды. Жобаға 15 жастан асқан қазақстандықтар қатысады.

Ел бойынша әр облыс пен қаладан 10 садақшыдан (ерлер және әйелдер) іріктеледі. Жоба ережесі бойынша әр аймақта жарысқа қатысушыларды дайындайтын тұрақты кеңесші жəне жаттықтырушы кəсіби садақшылар болады.

Жоба финалында озық шыққан жеңімпазға Астана қаласынан пәтер сыйға берілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама