×

Павлодарда өрттен бала мен оның анасы құтқарылды

Тілсіз жау 16 минутта сөндірілді

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2023 | 18:11
фото: ашық дереккөз

Павлодар қаласында өрттен бала мен оның анасы құтқарылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 12.43-те «112» пультіне Павлов көшесінде бес қабатты тұрғын үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Шақыруға 18 қызметкер, жедел құтқару жасағы мен апаттар медицинасы орталығы, 5  техника шықты. Өрт сөндірушілер дереу тұрғын үйдің айналасын барлап, екі бөлмелі пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Пәтерде үйдің заттары мен жиһаздарының жанып жатқаны белгілі болды, – делінген хабарламада.

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 1988 жылы туған әйел мен оның 2020 жылы туған баласын құтқарды. Олар 103 қызметі тексергеннен кейін қалалық ауруханаға жеткізілді.

Одан кейін ысты газбен улануы мүмкін деген күдік расталмаған соң екеуі де үйіне шығарылды. 

Тілсіз жау сағат 12.59-да сөндірілді. Өрт салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама