Армения әскері Әзербайжанды атқылады

Дастан Жұмабекұлы

Шекарашылар арандатуға жауап беріп, қарулы шабуылдың бетін қайтарған

фото: ашық дереккөз

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бүгін сағат 10.40 пен 11.00-дің арасында Арменияның Қарулы күштері Нахчыван Автономды Республикасының аумағын атқылады.

Армения әскері Веди ауданының Араздейен селосынан Нахчыванның Садрак ауданының Гейдарабад елді мекеніне қарай оқ жаудырған.

Әзербайжан Республикасының шекарашылары арандатуға жауап беріп, қарулы шабуылдың бетін қайтарған.