Адамдарды азаптаған күштік құрылымның 17 қызметкері сотталды
Бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысы шығарылды
Қазақстанда адамдарды азаптаған күштік құрылымның 17 қызметкері жазасын алды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Бас прокурор Берік Асылов азаптаумен және басқа да қатыгездікпен күресуге баса назар аударып, алдын алудан бастап жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге дейінгі кешенді тәсілдің керек екенін атап өтті.
Жалпы азаптау фактілері бойынша күштік органдардың 35 қызметкеріне қатысты іс сотқа жіберілді. 17 адам сотталды, - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін биыл елімізде қылмыс деңгейі 17% азайғаны хабарланған еді.