Құзырлы органдар жарылыстың себебін анықтайды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Шемонаиха қаласында болған жарылысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Altaynews.kz.
Кеше Шемонаихадағы жанармай құю бекеті жарылған. Соның салдарынан 4 адам зардап шеккен.
Бүгін өңір басшысы тиісті тапсырма берді.
Зардап шеккендердің отбасына барлық қажет көмек көрсетіледі. Өңірде осындай жағдай болдырмау үшін төтенше жағдайды тергеу нәтижесін міндетті түрде хабарлаймыз, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.