Шымкент қаласында экс-полицей қамауға алынды

Халық үні

Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Мұхтар Бұхарбаев, фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оның үстінен қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

25 сәуірде Мұхтар Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін оның қол астындағылардың бірі бұрынғы бастығына қатысты президентке шағымданған. Ол дәлел ретінде бастығының жазған хаттарын, қымбат зат сатып алуға мәжбүрлегені көрсетілген.