×

Өзбекстан Қазақстанмен шекара келісімін ратификациялайды

Бұл бастама екі елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруға қызмет етеді

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2023 | 16:54
фото: ашық дереккөз

Өзбекстан Республикасы Сенатының Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм мәселелері жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасымен арадығы екіжақты маңызды келісімдерді ратификациялау мәселесін талқылады.

Сенаторлар «Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы Өзбекстан – Қазақстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімді (Ташкент, 2022 жыл 22 желтоқсан) ратификациялау туралы» заңды жан-жақты талқыға салды.

Аталған құжатты ратификациялау мемлекеттік шекараны демаркациялау және заңсыз көші-қонның алдын алу мәселелерін жүйелі шешуде маңызды қадам болғаны айтылды.

Бұл бастама Өзбекстан-Қазақстан ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруға қызмет етеді.

Талқылау қорытындысы бойынша комитеттің тиісті шешімі қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама