Қытайда мейрамханадағы жарылыстан 30 адам ажал құшты

Дастан Жұмабекұлы

 Тағы жеті адам әртүрлі жарақат алған

фото: ашық дереккөз

Қытайдың Иньчуань қаласының Синьцин ауданында жарылыс болып, кем дегенде 30 адам қаза тапты.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, мейрамханада газ жарылып, кешкі асқа келген адамдар ажал құшқан.

Бұл мейрамхана адам көп жүретін көшеде орналасқан. Сондықтан оған келушілер де көп болған.  

Мейрамханада дастархан үстінде болған тағы жеті адам әртүрлі жарақат алған. Оларға көмек көрсетіліп жатыр.