×

Иран Орталық Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

Парсы елінің командасы финалда Өзбекстан құрамасын ұтты

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2023 | 15:58
фото: ru.irna.ir

Биыл футболдан алғаш рет ұйымдастырылған Орталық Азия чемпионатында (CAFA Nations Cup) Иран құрама командасы чемпион атанды.

Ол CAFA Nations Cup турнирінің финалында Өзбекстан құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, Орталық Азияның тұңғыш чемпионы атағын жеңіп алды.

Чемпионаттың финалы Ташкент қаласындағы «Бунёдкор» стадионында болды. Матчта Иранның шабуылшысы Сердар Озмун 48 минутта жалғыз голдың авторы атанды.

Үшінші орын үшін матчта Оман құрамасының жолы болды. Оман ойыншылары Қырғызстан командасын да 1:0 есебімен ұтты.

Биылғы дода Орталық Азия футбол қауымдастығының ұйымдастыруымен Ташкент пен Бішкек қалаларында жалауын желбіретті. Чемпионат осы қалаларда 10-20 маусым аралығында болды.

Чемпионаттың жеребе тарту рәсімі 26 сәуірде өтті. Сол кезде 7 елдің ұлттық құрамалары ФИФА рейтингі бойынша 4 себетке бөлінді. Оның ішінде Оман командасы турнир қонағы ретінде шақырылды.

Жеребе бойынша Өзбекстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан мен Оман елінің футболшылары екі топқа бөлініп күш сынасты.

Турнирдің топтық кезеңі 11, 14, 17 маусымда өтсе, финал мен үшінші орын үшін матч 20 маусымда Ташкентте болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама